Нұрқанат Әжіқанов Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады

Сурет: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК

Токио Олимпиадасында каратэден ерлер арасында 75 келіге дейінгі салмақта іріктеу кезеңі аяқталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Нұрқанат Әжіқанов өз тобынан шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Нұрқанат өз тобында Австралия, Италия спортшыларын жеңіп, Германия және Әзірбайжан каратэшілеріне есе жіберді. 

Нәтижесінде, өз тобында төртінші орын алып, жартылай финалға өте алған жоқ. 

Нұрқанат Әжіқанов сынға түскен В тобында әзірбайжандық Рафаэль Агаев пен италиялық Луиджи Буса жартылай финалға жолдама алды. 

Бұл 20 жастағы қазақстандық спортшы үшін жаман нәтиже емес. Ол өз тобында екі дүркін әлем чемпионы Луиджи Бусаны ұтып, әлемге әйгілі Рафаель Агаевтан бір ұпай айырмасымен ғана жеңілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар