Нұрқанат Әжіханов Олимпиада ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді

Сурет: Olympic.kz. Владислав Семенов©

Қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіханов Олимпиада ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

75 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы үшінші кездесуін италиялық Луиджи Бусаға қарсы өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. 

Енді келесі кездесуін Нұрқанат әзербайжандық Рафаэль Агаевқа қарсы өткізеді. 

Еске салайық, Олимпиада ойындарының бірінші кездесуінде Әжіханов аустралиялық Цуниари Яхироны жеңген еді. Бірақ екінші кездесуде неміс Нао Бичттен жеңіліп қалды. 

Қазір қазақстандық спортшы 4 ұпай жинап, өз тобында бірінші орында келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар