Нұрислам Санаев Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады

Сурет: ҰОК

Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында еркін күрестен финалға шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Олимпиада ойындарының жартылай финалында 57 келідегі балуанымыз үндістандық Рави Кумармен кездесіп, жеңіліп қалды. Кездесу барысында Нұрислам 9:1 есебімен жеңіп тұрып, таза жеңілді. Жауырыны жерге тиді. 

Енді үнді балуаны финалда ресейлік Заур Угуев пен ирандық Реза Атри арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады.

Еске салайық, бұған дейін Санаев 2017 жылы Азия чемпионы мен әлем чемпионы Юки Такахасиді жеңген болатын. 

Сондай-ақ, бүгін ертең жарыс жолына шығатын балуандардың қарсыластары анықталды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар