auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Нәтижеге қарап бұл Олимпиада құрама үшін ...". Қамшыбек Қоңқабаев Токиодағы бәсекені қорытындылады

"Нәтижеге қарап бұл Олимпиада құрама үшін ...". Қамшыбек Қоңқабаев Токиодағы бәсекені қорытындылады
Фото: Қазақстан ҰОК, Баспасөз қызметі

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары аяқталғаннан кейін спортшылар мен жаттықтырушылар, спорт мамандары төртжылдықтың басты бәсекесін қорытындылап жатыр. Өз кезегінде бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Қамшыбек Қоңқабаев Olympic.kz сайтына Олимпиада ойындарын қорытындылап, әр жекпе-жегіне тоқталды. Сондай-ақ, сұхбат барысында спортшы кәсіпқой боксқа ауысу мүмкіндігі туралы да айтты. 

- Қамшыбек, Олимпиада ойдындарын қорытындылап берсеңіз. Соңғы жекпе-жекте жарақат алдыңыз, ол қауіпті емес пе?

- Олимпиада ойындары қорытындылайтын болсақ, бокс біздің ұлттық спорт сияқты қанымызға сіңіп кетті ғой. Жасыратыны жоқ, бәрі бізден алтын күтті. Нәтижеге қарап, біздің құрама үшін биылғы Олимпиаданы сәтсіздеу болды десек болады. Осыған дейін боксшылар Олимпиада ойындарынан алтынсыз оралмаған. Бірақ, осыған дейін сұхбаттарда айтқанымдай, ұлттық құрама жігіттері Олимпиадада барын салды. Ешкім аянып қалған жоқ.

Соңғы жекпе-жекте жарақат алып қалдым. Бірақ ол қауіпті емес, сүйегі бәрі аман, тек терісі жыртылып кетті. Өздеріңіз көргендей, қан сорғалап тоқтамағандықтан, төрешілер жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

 - Олимпиададағы жекпе-жектің қайсысы сізге қиынға соқты?

- Олимпиада ойдындарына дайындық кезеңінің бәрі жақсы болды. Ал Олимпиадададағы жекпе-жектің қайссын алсаңыз да оңай болған жоқ. Барлығының өзінше бір қиындығы болды. Себебі осыған дейін Азия, әлем чемпионаттарына қатысып, бірнеше рет жүлдегер атанып жүрмін. Бірақ дәл Олимпиаданың аурасы, атмосферасы басқаша болатынына, ерекше екеніне көзім жетті. Өйткені әрбір қарсылас шаршы алаңда жүлде үшін таласта жанын беруге дайын тұрады.

- Команданың капитаны және жарыстың басты фавориті болып келдіңіз. Жартылай финалда не жетпеді деп ойлайсыз? Дәл осы кездесу алдында жаттықтырушылар тарапынан қандай тактика қойылған еді? Оны жүзеге асыруға не кедергі болды? 

- Иә, команданың фавориті, капитаны болдым. Жартылай финалға шыққанда бапкерлер құрамымен барлығын ақылдастық. Жаттықтырушылармен арнайы тактика қойдық. Өзімнің жартылай финалда қойылған тактикамды дұрыс болды деп есептеймін. Бірінші раундта ұпаймен жеңіп тұрған сияқты болдым. Оны тек мен ғана емес, сырт көзден бәрі солай айтып жатыр. Соған қарамастан бірінші раундта төрешілер қарсыласыма көп ұпай берді. Одан кейін менде бір бас емес, қарсыласымнан екі бас жоғары тұру керек деген ой туындады.  Екінші раундта тактиканы өзгертіп, бірінші номерлі болып жұмыс істеу, қарсыласты ұрып шығу болды. Өздеріңіз көрдіңіздер, екінші раундтың басында шамалы есеңгіреткеніммен есеп ашылмады. Соққыны толық жасап үлгермедім. Артынша маған ескерту берілді. Соның бәрі жеңілісіме септігін тигізіп, кері әсер етті.

- Бокстан Қазақстан бірінші рет елге Олимпиададан алтынсыз оралады. Мұны немен түсіндіресіз? Құрамадағы жігіттерге не жетпеді, қандай қателік болды деп ойлайсыз?

- Бұны ешнәрсемен түсіндіре алмаймыз, бірнәрсе айтып ақтап ала алмаймыз. Бақ шаба ма, бақ шаба ма деген сөз бар. Бүгінгідей нәтижеден жақсы өзгерістерге әкеледі деп ойлаймын. Бұл жеңіліс бізге үлкен жеңістерге жол бастайды деп сенемін. Мұны тек сәтсіздік деп түсіндіре аламыз. Басқа не дейміз?

- Сізде Азия және әлем чемпионаттарының медальдары болды. Енді Олимпиаданың қола жүлдесі қосылды. Әрі қарай не істейсіз? Кәсіпқой боксқа ауысасыз ба?

- Бізде (Қазақстанда) бокстан аса ауыр салмақта әлем және Олимпиада чемпиондары жоқ. Олимпиадаға аттанғандағы мақсатым да осы еді. Аса ауыр салмақта жеңімпаз атанып, тарихты жаңартқым келді. Бірақ адамның дегені бола бермейді. Токио Олимпиадсынан қола жүлде бұйырыпты.

Алдымызда әуесқойлар арасында әлем чемпионаты бар. Жоғарыда айтқанымдай, сонда барып тарих жаңартсам ба деген ниетім бар. Бірақ әлем чемпионатына қатысу, қатыспауым - ол әлі белгісіз. Өздеріңіз білесіздер, менің бір аяғым кәсібқой бокста. Ол жақта осы уақытқа дейін үш жекпе-жек өткізіп үлгердім. Әлем чемпионаты - жеке жаттықтырушым, ұлттық құрамадағы бапкерлерім,  менеджерлерім бар, бәріміз ақылдаса келе отырып шешілетін дүние.

Егер баратын болсам ештеңеге қарамастан ел абройын асқақтатып, чемпион болуға аянбай еңбек етемін. Болашақта кәсіпқойға ауысып, GGG сияқты қазақты бүкіләлемге танытып, аса ауыр салмақта абсолютті чемпион сынды атақтарға жетуге ниетім, мақсатым бар. 

Фото: Қазақстан ҰОК, Баспасөз қызметі

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
30 тамыз 2021, 09:58
Олимпиада
©сурет: tengrinews.kz Ержан Сәлімгереев финалға шықты!

Жарнама

Жарнама