"Нәтиже біз ойлағандай болған жоқ". Бас бапкер дзюдошылардың Токиода не үшін жеңілгенін айтты
Дзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев Олимпиадада жеңіліс тапқан балуандар белдесуіне қатысты ойын айтты деп жазады Olympic.kz.
Дзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев Олимпиадада жеңіліс тапқан балуандар белдесуіне қатысты ойын айтты деп жазады Olympic.kz.
"Балуандар жақсы күрескенімен, нәтижесі біз ойлағандай болған жоқ. Ерлан Серікжанов салмақ жағынан қиналды деп ойлаймын.
Жансай Смағұловтың дайындығы барлық тұрғыдан өте жақсы болған, тек бақ жетпеді. Қарсыласын "ваззари" ұпайымен жеңіп келе жатып, белдесу аяқталмай босап қалды. Босаңсуының кесірінен жеңілді деп есептеймін.
Ислам да нәтижелі әдіс жасап, жарысты сәтті бастағанымен соңында олда босап, қарсыласына жол берді. Әйтпесе, барлық жағынан дайындығы жақсы еді. Бақ жетпеді", - дейді бас бапкер.
Жарнама