auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Нашар нәтиже үшін кешірім сұраймын". Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Олимпиаданың қорытындысын шығарды

"Нашар нәтиже үшін кешірім сұраймын". Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Олимпиаданың қорытындысын шығарды
Сурет: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев пен грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов балуандардың Олимпиада ойындарындағы нәтижесін қорытындылады, деп жазады Vesti.kz порталы. 

"Демеуов 30 секунд шыдағанда жеңіске жететін еді. Оған басыңды берме деп айттық. Бірақ жапониялық қарсыласы басын ұстап алды. Сөйтіп жеңіліп қалды. Нұрсұлтанда төрт жылдық үзіліс болды. Бұл жігітке тәжірибе жетіспеді. Ол негізі жақсы күресті. Дегенмен төрешілер тарапынан қателік болды. 

Мұндай нәтиже үшін барлық жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Бұлай болғаны, әрине, өкінішті. Жігіттерді бұл Олимпиадаға бабында апаруға маған уақыт жетпей қалды", - деді Байсейітов. 

Ал Сәпиев бұл көрсеткішке өкінбей, қалған жігіттерімізге қолдау білдіру керегін айтты. Ол сонымен қатар спортшылар мен бапкерлердің болашағына байланысты шешім Олимпиада аяқталып, сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болатынын мәлімдеді. 

"Уақыттың алдына түсіп, шешім шығарудың қажеті жоқ. Олимпиада әлі бітпеді. Алайда Олимпиада аяқталып, барлығы Қазақстанға қайтқаннан кейін біз кездесу өткізіп, жарыстың қорытындысын шығарамыз", - деді Сәпиев. 

Еске салайық, Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен Қазақстанның үш балуаны қатысты. Дегенмен де Мейрамбек Айнағұлов (60 келі), Демеу Жадыраев (77 келі) және Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) та бірінші айналымнан аса алмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
30 тамыз 2021, 09:58
Олимпиада
©сурет: tengrinews.kz Ержан Сәлімгереев финалға шықты!

Жарнама

Жарнама