Наоми Осака Олимпиада ойындарының үшінші айналымында жеңілді

Сурет: eurosport.ru

Жапониялық теннисші Наоми Осака Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Олимпиаданың үшінші айналымда әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі чехиялық Маркета Вондрошувамен кездесіп, 6:1, 6:4 есебімен жеңілді. Ойын бір сағат тоғыз минут болды. 

Токио Олимпиадасының алауын жаққан Наоми басты фовариттердің бірі болған еді. Матч барысында ол бір эйс жасап, допты ойынға қосу кезінде екі рет қателесті. Бес брейк жасайтын мүмкіндіктің біреуін де қолдана алмады. Ал оның қарсыласы үш эйс және бес брейк істеді. 

Енді ширек финалда Вондроушова Паула Бадоса (Испания) - Надия Подороска (Аргентина) арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады. 

Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада ойындарының әлемнің бірінші ракеткасы Эшли Барти де шығып қалған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар