Олимпиада
Кеше 10:31

МЮ-ден ұтылған соң Гвардиола "Сити" талантына шығатын есікті көрсетті

©Depositphotos/operations@newsimages.co.uk

Англиялық қорғаушы Рико Льюистің «Манчестер Ситидегі» болашағы үлкен сұрақ тудырып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Fichajes дерегіне сүйенсек, «қалалықтардың» бас бапкері Хосеп Гвардиола 21 жастағы футболшыны енді команданың негізгі тіректерінің бірі ретінде қарастырмайтынын аңғартқан.

Гвардиоланың сенімі азайды

Жасына қарамастан, негізгі құрамда ойнау тәжірибесі бар Рико Льюистің клубтағы дамуы тоқырауға ұшырағаны жиі айтылып жүр. Бұған дейін Гвардиола қорғаушының басты қолдаушыларының бірі саналса, биылғы маусымда футболшының рөлі біртіндеп азайып қалды, әсіресе шешуші матчтарда.

Бұл жағдай бапкерлік штабтың футболшыға деген сенімі әлсірегенінің айқын белгісі ретінде бағалануда.

«Манчестер Юнайтедке» қарсы матч — бетбұрыс болды

Рико Льюиске қатысты ең қатты сын АПЛ-дың 22-турында «Манчестер Юнайтедтен» 0:2 есебімен жеңілгеннен кейін айтылды. Жанкүйерлер академия түлегін позициялық қателіктер, қорғаныстағы сенімсіз ойын және шешуші сәттердегі суыққандылықтың жетіспеуі үшін айыптады.

Көпшілік бұл кездесуді Льюистің жанкүйерлер мен сарапшылар алдындағы беделінің күйреу деп бағалап отыр.


Маусымдық статистика және кету ықтималы

Биылғы маусымда Рико Льюис барлық турнирлерде 18 матч өткізіп, 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Қазіргі таңда оның трансферлік құны 35 миллион еуроға бағаланып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport