"Мұндай нәтиже болған емес". Қазақстан бір жүлдемен еркін күрестен командалық есепте бесінші болды

Сурет: instagram.com/kazakhstan__wrestling/

Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы Токиодағы Олимпиадада қазақстандық еркін стильде күресетін балуандардың өнер көрсетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Токиодағы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстанның еркін күрес құрамасы командалық есепте бесінші болды. Мұндай нәтиже бізде болған емес. Бұл - прогресс. Барлық бапкер - Әсет Серікбаев, Майрбек Юсупов, Марат Ерденов, Аслан Байғұлов, Эдуард Базров, Анатолий Волох, ҚР күрес федерациясының қызметкерлері мен жетекшілеріне зор алғыс білдіреміз", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Токиода еркін күрестен 57 келіде Нұрислам Санаев қана қола жеңіп алып, Олимпиада жүлдегері атанған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар