Мұндай ешкімде жоқ: Өзбекстан Олимпиадада бүкіл әлемді өзіне қаратты

©Olympic.uz

Өзбекстан құрамасы Париж Олимпиадасында көпшілікті таңдандырды. Көршілеріміз жүлде санымен ғана емес, жалпы есептегі алтынның басымдығымен алғы шықты. 

Өзбекстан сегіз алтын, екі күміс және үш қоламен жалпыкомандалық есепте 13-орында. 13 жүлденің он екісін бұл елдің спортшылары жекпе-жек түрлерінен алыпты. Тек бір күміс қана ауыр атлетикадан. 

Бокста Хасанбой Дусматов (51 кг), Абдумалик Халоков (57 кг), Асадхуджа Муйдинхуджаев (71 кг), Лазизбек Муллажонов (92 кг) және Баходир Джалолов (92 келіден аса) алтын алды. Сонымен бірге, еркін күрестен Разамбек Жамалов (74 кг), бұрымды дзюдошы Диера Келдиерова (52 кг) және таеквондошы Улугбек Рашитов (68 кг) та Олимпиада чемпионы атанды.

10 және одан аса жүлде алған 22 ел арасында Өзбекстан пайыздық қатынас бойынша алтыны ең көп ел болып отыр. Көршілеріміздің алған жүлделерінің 61,5 пайзы алтын. Ал мұндай көрсеткіш ешкімде жоқ. 

1. Узбекистан - 61,5% (8/13 медалей - золотые)
2. Новая Зеландия - 50% (10/20)
3. Япония - 44,4% (20/45)
4. Нидерланды - 44,1% (15/34)
5. Китай - 43,9% (40/91)
6. Южная Корея - 40,6% (13/32)
7. Германия - 36,3% (12/33)
8. Швеция - 36,3% (4/11)
9. Кения - 36,3% (4/11)
10. Австралия - 33,9% (18/53)
11. Канада - 33,3% (9/27)
12. США - 32,5% (40/126)
13. Венгрия - 31,5% (6/19)
14. Италия - 30% (12/40)
15. Бельгия - 30% (3/10)
16. Испания - 27,7% (5/18)
17. Франция - 25% (16/64)
18. Иран - 25% (3/12)
19. Украина - 25% (3/12)
20. Великобритания - 21,5% (14/65)
21. Бразилия - 15% (3/20)
22. Польша - 10% (1/10)
_______________________
Казахстан - 14,2% (1/7).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар