"Мұндай әділетсіздікті алғаш көруім". Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Токио Олимпиадасы жайлы

Автор:
Алексей Ни. Сурет: wfrk.kz

Төртжылдықтың басты додасына қатысып жатқан Қазақстан спортшыларының еншісінде әзірге үш жүлде бар. Алдымен дзюдошы Елдос Сметов үшінші орын иеленсе, артынша Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанлолар ауыр атлетика спортында қос бірдей қоланы қоржынға салған болатын. Осыған байланысты ұлттық құраманың көп жылдар бойы бас бапкері болған Алексей Ни Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық зілтеміршілердің өнеріне бағасын берді.

"Алғашында Зүлфия Чиншанло Рио Олимпиадасына қатысуы тиіс болған. Өкінішке қарай, допинг дауынан кейін Зүлфияны және құраманың басқа да алдыңғы қатарлы спортшыларына төртжылдықтың басты жарысына қатысуына жол бермеді. Токио ойындарына Илья Ильин, Нижат Рахимов, Мая Манезалар қатысуы тиіс еді. Бірақ ерлер мен әйелдер командасына тек екі лицензия берді. Сондықтан Чиншанло Олимпиадаға бара алмаған командаластары үшін күресті. Үлкен жарыстардан екі жыл шеттетілгеніне қарамастан Зүлфия Токиода ерлік жасады.

Өмірімде бірінші рет Олимпиада ойындарын теледидардан көрдім. Өте ауыр екен. Күнделікті бапкерлермен тікелей байланыста болдым. Тәжірибеммен бөлісіп отырдым. Игорь Сонның жарысын көрдім. Ал Зүлфияның трансляциясын техникалық қиындықтарға байланысты көре алмадым. Сол кезде шетелдегі әріптестерім ауыр атлетика жарысының тікелей эфирінің сілтемесін жіберді. Алайда біраз жерін өткізіп алғандықтан, дер кезінде ақыл-кеңесімді бере алмадым. Дегенмен ұлттық құраманың бас бапкер ретінде алғашқы Олимпиадасына спортшыларды бастап барған Бақыт Ахметов пен үш Олимпиаданы көзімен көрген, Чиншанлоның жеке бапкері Виктор Ни екеуі жұлқи және серпи көтеруде жақсы тактика қойып берді. Өз басым Жазғы ойындарға алты рет барғам. Бірақ мұндай әділетсіздік алғаш көруім. Зүлфияның көтерген бес мүмкіндігінің үшеуін есепке алмау дегеніңіз – біздің құрамаға жасалған қысым. Игорь Сонға да ұйымдастырушылар тарапынан қысым болды. Соған қарамастан Токиоға барған екі спортшымыздың екеуі де медальмен оралды. Спортшыларымыз команданың алдына қойған мақсатын орындап шықты", - дейді Ни Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Показать комментарии
Жаңалықтар