Каратэден Қазақстан командасының мүшесі Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада ойындарының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Мөлдір В тобында сынға түсіп, екі кездесуде жеңілді, бір кездесуде тең түсті. Ал бір жекпе-жекті жеңіспен аяқтады.
Атап айтар болсақ, ол мысырлық Радва Сайедті ұтып, украиналық Анжелика Терлюгамен 4:4 есебімен тең түсті.
Ал австриялық Беттина Планк пен жапониялық Михо Мияхараны ұту мүмкін болмады.
Ол өз тобында 3 ұпаймен төртінші орында қалды. Ал келесі кезеңге тек екі спортшы жолдама алады.