Михаил Кукушкин Олимпиаданың 1/8 финалына шықты

сурет: olympic

Михаил Кукушкин Олимпиада-2020 турнирін сәтті бастады деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Кукушкин Аргентинадан келген Федерико Кориямен кездесіп 7:6, 7:5 есебімен басым түсті. Екі сеттік матч болғанына қарамастан, ойын екі сағаттан астам уақытқа созылды. Нәтижесінде жерлесіміз жарыстың 1/8 финалына жолдама алып отыр.

Енді Михаил Гаэль Монфис (Франция) пен Илья Ивашка (Беларусь) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар