Қытай құрамасы жүлде бойынша Паралимпиадада топ жарды. Ал Қазақстан рекорд орнатты

©Reuters

Токио жерінде Паралимпиада ойындары аяқталды. "Күн шығыс" елінде мәресіне жеткен бұл бәсекеде Қытай құрамасы командалық есепте бірінші орында аяқтады. Ал Қазақстан өз тарихындағы рекордын орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Жапония жерінен Қытай құрамасының спортшылары 93 алты, 56 күміс және 50 қола жеңіп алды. Ал екінші орынға Ұлыбритания (41-38-43) жайғасса, үздік үштікке соңғы сәтте Ресей құрамасы шығып кетті. Ресейдің еншісінде жалпы 117 (36 алтын, 32 күміс, 49 қола) медаль бар. Америка Құрама Штаттары төртінші орынға түсіп қалды. Олардың еншілерінде 35 алтын, 36 күміс және 30 қола жүлде бар. 

Бұл Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы өз тарихындағы рекордты орнатты. Біздің спортшылар бес жүлде алды. Аталған көрсеткіш Қазақстан тарихындағы ең үздік нәтиже. Жалпыкомандалық есепте біз Финлияндия құрамасымен 51-орынды бөлістік. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы сапынан Паралимпиадада пауэрлифтер Давид Дегтяроеа алтын алса, дзюдшылар Әнуар Сәриев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс, ал жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали қола жүлде алды. 

Паралимпиада ойындары ертең, 5 қыркүйек күні аяқталды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар