auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Қырғыздар жүйені өзгертіп жатыр, ал бізде...". Дархан Баяхметов балуандардың Олимпиададағы сәтсіздігіне қатысты

"Қырғыздар жүйені өзгертіп жатыр, ал бізде...". Дархан Баяхметов балуандардың Олимпиададағы сәтсіздігіне қатысты
YouTube-ьегі видеодан алынған скрин

Грек-рим күресінің балуандары Токиодағы жарыстарын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Үміт артқан спортшыларымыз жарыстың алғашқы айналымдарынан ары аса алмаған болатын. Олардың арасында Мейрамбек Айнағұлов қырғыз балуаны Жоламан Шаршенбековке есе жіберсе, Демеу Жадыраев жарыс қожайыны Сехэи Ябикудан айласын асыра алмады. Ал Нұрсұлтан Тұрсынов неміс Денис Кудладан жеңілді. Осы орайда ұлттық құраманың бұрынғы мүшесі Дархан Баяхметов балуандар бәсекесіне бағасын берді.

- Дархан мырза, Токиодағы грек-рим күресінен ел намысын қорғаған балуандардың күресі жайлы не айтасыз?

- Өзім спорттық карьерамды аяқтағандықтан бүгінгі таңда Олимпиадаға барған спортшылардың дайындығын білмеймін. Бапкерлік штаб жігіттермен бірнеше жылдан бері жұмыс істеп жүргендіктен, жарысқа ең мықтыларды алып барған шығар. Бірақ неге Асхат Ділмұхамедов Олимпиадаға бармады деген сұрақтар туындайды. 60 келіде Айдос Сұлтанғали неге бармады деген ой бар. Олардың қай-қайсы болмасын жүлдеге лайықты жігіттер еді. Қазір турнир аяқталған соң айтуға оңай әрине. Сондықтан бапкерлер сондай шешім қабылдаған соң жауапкершілікті мойындарына алады деп ойлаймын. Дегенмен сырт көз сыншы дегендей, балуандарымыз Токио төрінде отандық жанкүйерді қуанта алмады. Өкінішке қарай, спортшыларымыздың бүгінгі күндегі деңгейі осындай болып тұр. Әрине, Демеу Жадыраев, Мейрамбек Айнағұлов, Нұрсұлтан Тұрсыновтар осыған дейін халықаралық жарыстарда талай атой салып жүрген балуандар еді. Алайда бұл жолы отандастарымызға сәттілік жолдас болмады.

Бейжің мен Лондон Олимпиадаларына бардыңыз. Жалпы төрт жылда бір келетін жарысқа қалай дайындалу керек?

- Жүйені өзгерту керек деп ойлаймын. Қазір заман дамып кетті. Сол секілді спорт та бір орында тұрмайды. Спорттық медицина болсын, жаттығу процесі болсын. Бәрі дамып кетті. Әрине бапкерлеріміз де тәжірибелі ғой. Алайда көңіл қуантатындай нәтиже болмады.

- Соңғы кездері айыр қалпақты ағайынның спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Қырғыз балуандарының мықтылығы неде деп ойлайсыз?

- Қырғыз бауландарын жас мамандар жаттықтырады. Оларға еркіндік берді. Толыққанды жүйені өзгертіп жатыр. Біз керісінше бұрынғы ағаларымыздың системасынан шыға алмай жүрміз. Бізге мықты спортшыларды дайындау үшін күрес түрлерінің академиясын салу қажет. Еліміздің барлық аймақтарында күресті дамыту керек. Жас мамандарды жұмысқа тарту керек. Әр салмаққа жастар мен ересек спортшыларды қосу керек. Сол академияда жүзге жуық боз кілем шебері бір циклда (төрт жыл) нәтиже бермегенімен, келесі Олимпиада ойындарында жақсы балуанды әзірлеп шығаруға болады. Күресі дамыған елдерге барып оқу-жаттығу жиындарын өткізу де өте маңызды.

Еске салайық, Дархан Баяхметов 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында бесінші орын алса, Лондон төрінде екінші айналымға жолдама алған. Спорттық карьерасында 2009 жылы Паттаяда өткен Азия чемпионатының алтын медаль иегері. Сонымен қатар, 2010 жылы Гуанчжоудағы Азия ойындарының финалына шықты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
30 тамыз 2021, 09:58
Олимпиада
©сурет: tengrinews.kz Ержан Сәлімгереев финалға шықты!

Жарнама

Жарнама