auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Күштеп алып кетпек болған. Олимпиададағы оқиғадан кейін белорус спортшысы Еуропадан көмек сұрады

Күштеп алып кетпек болған. Олимпиададағы оқиғадан кейін белорус спортшысы Еуропадан көмек сұрады
Сурет: Pledge Times

Токиода Олимпиада ойындарынан шығып қалған белорус жеңілатлеті Кристина Тимановскаяны өз елінің құрама өкілдері күштеп Минскіге алып кетпек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.ru сайтына сілтеме жасап.

2 тамызда Тимановская 200 метр қашықтыққа жүгіруден стартқа шығуы керек еді, алайда құрама өкілдері оны жібермей қойған. Таяуда Кристина 4х400 метрлік эстафета құрамасына енгізілгені үшін Беларусьтің спорт шенеуніктерін сынап тастаған еді.

 Беларусь Ұлттық олимпиада комитеті Токио Олимпиадасында республиканың жеңіл атлетикадан ұлттық командасының жаттықтырушылар штабы спортшыны үйге қайтару туралы шешім қабылдағанын айтты. Спортшының ойыннан шығарылу себебі оның эмоционалдық және психологиялық жағдайы деп аталды. Тимановскаяның өзі дәрігер оны тексермегенін және жаттықтырушылар штабы айтқан себептерді жалған деп атады.

Спортшыға билет сатып алып, әуежайға жеткізген. Беларусьтің спорттық ынтымақтастық қорының (BSSF) хабарына қарағанда, Тимановскаяны депортациялауға тырысқандардың бірі - Беларусь Ұлттық олимпиада комитетінің Халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы Василий Юрчик.

Кейінірек Чехия мен Германия спортшыға кіру визасын ұсынды, бірақ ол өзі Австриядан баспана сұрауды жоспарлап отыр.

"Чехия көмектесуге дайын. Біздің аумаққа кіру үшін виза ұсынамыз. Біздің Токиодағы елшілігіміз де Беларусьтен келген спортшыны қорғауға дайын", - деді Чехия СІМ басшысы Якуб Кулганек. БАҚ хабарына қарағанда, қазір Тимановская қауіпсіз жерге жеткізілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
30 тамыз 2021, 09:58
Олимпиада
©сурет: tengrinews.kz Ержан Сәлімгереев финалға шықты!

Жарнама

Жарнама