Көркем гимнастикадан Алина Әділханова Олимпиаданың финалына шықпады

Сурет: ҰОК, Сали Сабиров

Токио Олимпиадасында көркем гимнастикадан жекелей сындағы көпсайыс бағдарламасының іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Қазақстан намысын мұнда Алина Әділханова қорғады. 

Іріктеудің қорытындысы бойынша отандасымыз 83.800 ұпай жинады. Бірақ мұндай көрсеткешпен Әділханова финалдық кезеңге шыға алмады. Ол сайысты 21-орында аяқтады. 

Ал финалда үздік он спортшы өтті. Іріктеу кезеңіндегі ең үздік нәтижені ресейлік Дина Аверина көрсетті. Ол 106.300 ұпай алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар