"Кейде бапкердің де қолы байлаулы болады". Маман боксшыларымыздың сәтсіздігі мен Левиттің нокауты туралы айтты

Василий Левит. Фото: Reuters©

FightSpace жобасының негізін қалаушы Григорий Стангрит Токио Олимпиадасындағы қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері туралы ой бөлісті. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол Левит неге құлап қалғанын түсіндірді. 

"Шынымды айтсам, Левиттің жеңілісі туралы айту қиын. Ол қарсыласын дұрыс бағаламады деп те айта алмаймын. Ол Олимпиада ойындарының финалына дейін жетіп, алтын жүлдемен қайтуы керек еді. Бірақ төрешілер (менің ойымша Левит 2016 жылы жеңіске жетті) жеңісті бермеді. Ол жеңіс үшін (бірақ оған жеңісті бермеді) барлығын жасады. 

Левит әуесқой бокстың барлық сатысынан өтті. Сондықтан да қарсыласты бағаламау туралы әңгіме айтудың қажеті жоқ. Дайындығы нашар болды ма? Білмеймін. Егер мен жаттығу кезінде қасында болсам немесе жаттығуы туралы нақты ақпаратым болса айтар едім. 

Қазақстандық жанкүйерлер құрама нашар өнер көрсеткенін айтады. Иә, әйтеуір нәтиже бар. Бірақ ол нәтиже ешкімнің көңілінен шықтайды. Бір футболшының, айтпақшы ол Қазақстанда да ойнаған, бір жақсы сөзі бар еді. "Сіздердің үміт - сіздердің проблема". Бұған дейін Қазақстан алтынсыз қайтпаған. Сол үшін де көпшілік зор үміт күтті. 

Осы жолы Қазақстан сәтсіз өнер көрсетті. Мүмкін шынында дайындығы дұрыс болмаған шығар. Тағы қайталап айтайын, бұл сұраққа мен жауап бере алмаймын. Кейбіреулер кінәні бапкерге тағуда. Дегенмен әуесқой бокста бапкер көп нәрсені шешпейтінін біз жақсы білеміз. Кейде оның да қолы байлаулы болады. 

Мысалы мынадай жағдайлар болады: бапкер бір боксшыны жарысқа алып барғысы келеді. Алайда жоғарыдағылар басқа боксшы баратынын айтады. Бұл жерде бапкер ештеңе істей алмайды. Бұл тек Қазақстан боксына байланысты емес. Бүкіл кеңестік елдерде осылай. Мәселені осылай шешетін кездер болады. 

Василийге оралатын болсақ, оның дайындығы нашар болды демеймін. Бірақ оның құлағаны - тосынсый болды. Ол - өте тәжірибелі боксшы. Біраз жерге дейін барады деп ойладым. Дейтұрғанмен ол бірінші айналымнан аса алмады. Неге екенін білмеймін. 

Таудағы жаттығулар кері әсерін тигізді ме? Иә. Бұл бүкіл команданың нетижесіне кері әсерін тигізді ме? Ол жағын білмеймін. Бұл мәселені команда өзі шешер", - деді Стангрит. 

Еске салайық, Токиода өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы екі қола алды. Ал жүлдеден басты үміткерлердің бірі Василий Левит бірінші айналымда нокаутпен жеңіліп, жарысты аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар