auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Кейбір салмақта жеребе қиын түсті". Дзюдодан Қазақстан құрамасының бапкері қарсыластар туралы

"Кейбір салмақта жеребе қиын түсті". Дзюдодан Қазақстан құрамасының бапкері қарсыластар туралы
Сурет: olympic.kz

Бүгін дзюдодан Токио Олимпиадасының жеребесі тартылды. Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев турнир кестесіне шолу жасап, спортшылардың дайындығына тоқталды, деп хабарлайды Olympic.kz

"Біздің дайындығымыз бес жылға созылды. Барлық әлем және Азия чемпионаттары, сондай-ақ, халықаралық турнирлерде спортшыларымыз Олимпиада төрінен көру үшін тайталасты. Өйткені, дзюдода Олимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингілік ұпай жинау керек. Балуандарымыз жоғары орыннан көріну үшін бар күшін салды. 

Токио татамиінде Қазақстан атынан Елдос Сметов, Ерлан Серікжанов, Жансай Смағұлов, Дидар Хамза, Ислам Бозбаев және Отгонцэцэг Галбадрах сынға түседі. Кейбір салмақтарда жеребе ауыр түскенін мойындау керек. Дегенмен, бұл Олимпиада ойындары, сондықтан, осал қарсылас болмайды. Ойынға әлемнің ең мықты спортшылары келді, бәрі де тарихта қалып, жүлде алуды мақсат еткен. 

Сметовтің тобы оңай емес. Жапония, Грузия балуандар бар, жеңіл болады деп айта алмаймын. Әр салмақта өте мықты спортшылар кездеседі. Біз бәріне қарсы дайындалдық, олармен талай белдескенбіз де.

Олимпиада төрт жылда, біздің жағдайымызда бес жылда бір өтетін жарыс. Сол себепті, спортшылар психологиялық тұрғыда дайын болуы керек. Біздің балуандар дайын. Өйткені, осы жарысқа қатысу үшін қаншама қиындықтарды артта қалдырды. Пандемия кезінде жаттығу жасаудың өзі оңайға соққан жоқ. Десе де, біз өзімізге қажетті рейтингілік ұпайларды еншіледік. Әлем чемпионы болсаң да, Олимпиада чемпионы болсаң да, жеңіске ең мықты спортшы жетеді. Кейбіреулер үшін бұл өз мансабындағы соңғы Олимпиада болуы мүмкін. Өйткені, спорт мәңгілік емес. Сондықтан, біздің олимпиадалық командамыздағы әр спортшы жақсы өнер көрсетсе екен деген тілегім бар.

Пандемияға байланысты жарыстың өту ережесіне үлкен өзгерістер енді. Ұйымдастыру комитетінің ережелерін ұстану қажет. Егер спаррингке көмектесетін балуандарды алып келгенде, бізге әлдеқайда оңай болар ма еді. Бұл тығырықтан шығатын жолды да таптық. Мысалы, Галбадрах пен Елдос бір-бірімен жаттығуда. Токиода спортшылардың жаттығуына бар жағдай жасалған. Жаттығу залына арнайы транспортпен алып барады. Олимпиадалық ауылда да жатығуды үзген жоқпыз. Дзюдошыларымыз дайын, қалғанын татами көрсетеді", - дейді бас бапкер. 

Дзюдодан Токио Олимпиадасындағы балуандар бәсекесі 24 шілдеде басталады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
30 тамыз 2021, 09:58
Олимпиада
©сурет: tengrinews.kz Ержан Сәлімгереев финалға шықты!

Жарнама

Жарнама