Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Токиодағы Олимпиада ойындарында жарысты аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Луценко әртүрлі уақытта басталатын жеке сайыста топ-15 қатарына да кіре алмады. Ал сайыстың бұл түрі Токиода әлі де жалғасып жатыр.
Топтық бәсекені қазақстандық спортшы 21-орында аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, әзірге Қазақстан қоржынында дзюдошы Елдос Сметов және ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло әкелген үш қола бар.