Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Олимпиаданың екінші айналымына өтті

Сурет: mail.kz

Қазақстанның нөмірі бірінші теннисшісі Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының екінші кезеңіне шықты, деп жазады Vesti.kz порталы.

Олимпиаданың бірінші айналымында отандасымыз австралиялық Саманта Стосурге қарсы ойнап, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. 

Енді екінші айналымда мысырлық Майар Абдельазиз және швециялық Ребеке Петерсон арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар