Қазақстандық таеквандошы Токиодағы жарысты жеңіспен бастады. Келесі қарсылас - Олимпиада жүлдегері

Сурет: olympic.kz. Сали Сабиров©

Қазақстандық таеквондошы қыз Жансель Дениз Токиодағы Олимпиаданы жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

1/8 финалда ол өзбекстандық Светлана Осипованы 10:9 есебімен жеңді. Енді қазақстандық спортшы 67 келідегі ширек финалда өнер көрсетеді. Бірінші раундты Жансель 4:0 жеңіп, екіншісінде 1:8 есебімен есе жіберді. Ал үшіншісінде 5:1 есебімен басым түсті. 

Ширек финал жарыстары бүгін кешірек өтетінін айта кетейік. Дениздің ендігі қарсыласы британиялық Бьянка Уокден болады, ол осы салмақта бірінші нөмір және Риодағы 2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері. 

 Cehtn: olympic.kz. Сали Сабиров©

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар