auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстандық спортшылардың Олимпиадада сәтсіз өнер көрсетуіне кім кінәлі екені айтылды

Қазақстандық спортшылардың Олимпиадада сәтсіз өнер көрсетуіне кім кінәлі екені айтылды
Сурет: olympic.kz©

Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшысы қазақстандық спортшылардың Олимпиадада сәтсіз өнер көрсетуіне кадрдың жиі ауысуы себеп болды деп есептейді. Ол, сондай-ақ, Серік Сәпиевтің декреттік демалысы туралы айтты, деп жазады Sputnik басылымы. 

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл қызметтегі өзінің ізбасары Ақтоты Райымқұлованы сынға алды. Оның пікірінше, ол отставкаға кетуі керек.

Мұхамедиұлы "Жетінші арнаның" эфирінде Қазақстан спортшыларының Токио Олимпиадасында бірде-бір алтын медаль ала алмай, 8 "қоланы" қанағат тұтуына себеп болған жайттар туралы әңгімеледі.

"Олимпиадаға бір жыл қалғанда біздің даңқты министрлікте спортқа жауапты үш вице-министр ауысты. Елдос Рамазанов жұмыс істеп жүрді, Олимпиадаға бір жыл қалғанда оны шеттетіп, басқа вице-министр Сәкен Мұсайбековті әкелді, одан кейін Олимпиаданың алдында Ерлан Қожағапанов тағайындалды", - деді экс-министр.

Ол, сондай-ақ, министрлікке қарасты спорт және дене шынықтыру комитетінің басшысы Серік Сәпиев Олимпиадаға жарты жыл қалғанда декреттік демалысқа шыққанын еске салды.

"Әрине, ол өзі қалаған жоқ (демалысқа кетуді – Sputnik), оны жұмыстан шығарғысы келді, бірақ ол өз құқығын пайдаланып, бір амалын тапты", - деп мәлімдеді Мұхамедиұлы.
"Ол жерде спорт комитеті төрағасының орынбасары, тамаша маман Серік Жарасбаев болды, өмір бойы істеген... Ал оны Олимпиадаға дейін жұмыстан шығарып жіберді. Әдетте Олимпиадаға бір жыл қалғанда барлығы бір кісідей жұмылып, көздеген мақсатқа ұмтылатын. Оның орнына тізгін ұстайтындарды ауыстыра бастаса, әрине, бұл спортшыларға да, жаттықтырушылар құрамына да әсер етеді", - деп жалғастырды ол.

Журналист Мұхамедиұлынан Қазақстан құрамасының Олимпиададағы нәтижесіне байланысты министрлік басшысы Ақтота Райымқұлова отставкаға кетуі керек пе деп сұрады.  

"Егер жеңіліс болса, әрқашан мойындау керек. Иә, әрине, міндетті (отставкаға кетуге – Sputnik). Бұл жерде жай ғана "иә" немесе "жоқ" дей салуға болмайды, солай істеуге міндетті. Жауапкершіліктен қорқудың қажеті жоқ", - деп жауап берді экс-министр.

"Барлық жағдайда жауапкершілік алу керек, мұнда қорқынышты ештеңе жоқ. Мысалы Ерболат Досаевты алайық: жер мәселесі болған кезде орнынан тұрып, президенттен отставкаға жіберуін сұрады. Одан ол ұтылмады, керісінше бәрі "жарайсың" деп арқасынан қақты", - деп түйіндеді Мұхамедиұлы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
30 тамыз 2021, 09:58
Олимпиада
©сурет: tengrinews.kz Ержан Сәлімгереев финалға шықты!

Жарнама

Жарнама