Азиада
8 тамыз 2021 10:58

Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасында көрсеткен нәтижесі үшін қанша сыйақы алады?

Сурет: Reuters©

Vesti.kz порталы қазақстандық спортшылардың Токио Олимпиадасында қанша табыс тапқанын зерттеп көрді. 

Еске салайық, қазақстандық спортшылар алтын үшін 250 мың доллар, күміс үшін 150 мың, ал қола үшін 75 мың доллар сыйақы беріледі. 

Жалпы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы сегіз қола жеңді. Жүлдені дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, балуан Нұрислам Санаев және каратэден Дархан Асаділов пен Софья Берульцева ұтты. 

Осылайша қазақстандық спортшылар әр қоласына 75 мың доллар алады. Одан бөлек, Бибосынов пен Қоңқабаевқа Қазақстан бокс федерациясы 50 мың доллар көлемінде қосымша сыйақы береді. 

Бұл сыйақы алатын спортшылардың қатарына теннисші Елена Рыбакинаны қосуға болады. Токиода төртінші орын алған Еленаға 30 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған. Ал Милад Карими (гимнастика) балуанда Данияр Қайсанов пен Дәулет Ниябеков бесінші орын үшін 10 мың доллар алады. Боксшылар Әбілхан Аманқұл мен Зәкір Сафиуллин алтыншы орын үшін бес мың доллар. 

Енді осы көрсеткіштердің барлығын есептеген кезде Токио бақ сынаған спортшылар жалпы 765 мың доллар алады екен. 

 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport