Қазақстандық спортшылар Паралимпиаданың ашылу салтанатына қатысты

©Видеодан кадр

Қазақстандық параолимпиадашылар Токиода өткен Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Қазақстан құрамасының туын паратаеквондодан екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы Нұрлан Домбаев пен 2016 жылы Паралимпиада ойындарында пауэрлифтингтен күміс жүлде алған Раушан Қойшыбаева алып шықты. 

Айта кетейік, Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын жеті спорттан 25 спортшы қорғайды. Ертең, 25 тамыз күні жарыс жолына Роман Агалаков шығады. Ол баттерфляй әдісімен 100 метрге жарысқа бағын сынайды. 

Паралимпиада ойындарын тікелей эфирде Qazsport арнасы көрсетеді. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар