Қазақстандық садақшы Олимпиаданың 1/8 финалына шыға алмады

Сурет: olympic.kz, Жеңіс Ысқабай

Қазақстандық садақшы Денис Ганькин Токио Олимпиадасындағы жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекелей жарыста ол 1/16 финалға жетті. Бұл раундта ол италиялық Мауро Несполиге қарсы тұрып, 6:2 есебімен ұтылды.

Айта кетейік, бірінші айналымда Ганькин мысырлық Юссоф Толбудан басым түскен.

Жарыстың осы түрінен алда Санжар Мұсаев пен Ильфат Абдуллин сынға түседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар