Садақ атудан Қазақстан командасының мүшесі Дәулеткелді Жаңбырбай Париж Олимпиадасындағы жекелей сынға қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Дәулеткелді 1/32 финалда колумбиялық Хорхе Энрикемен кездескен болатын. Аталған кездесу 7:3 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды.
Айта кетелік, бұған дейін Дәулеткелді Жаңбырбай Қазақстан сапында командалық жарысқа қатысып, Италиядан 4:5 есебімен ұтылды.
Жекелей сында тағы бір қазақстандық спортшы - Ильфат Абдуллин канадалық қарсыласына есе жіберіп, жарысты аяқтаған еді.