Q8vvQYcXJbzyOaZNj0RUrvPqxwcMCG1rh534rdXD
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстандық каратеші қыз Азия ойындарының алтынын жеңіп алды

Қазақстандық каратеші қыз Азия ойындарының алтынын жеңіп алды
© Сали Сабиров
Қазақстандық каратеші Гузалия Гафурова XVIII жазғы Азия ойындарының жеңімпазы атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына алтыншы алтын медальды салды.

68 кг салмақта бақ сынайтын Гузалия алғашқы кездесуінде Өзбекстаннан келген Ділдор Аннадурдиеваны 3:0 есебімен жеңді. Одан кейін ирандық қарсыласы Пегах Зангенехкаркутиден басым түсті.

Жартылай финалда Вьетнам елінен келген спортшы Тхи Нгуенді 8:5 есебімен жеңіп, финалға шықты. Алтын медаль үшін өткен айқаста отандасымыз қытайлық қарсыласы Танг Линглингті тізе бүктірді.

Гузалия Гафурова Азия ойындарында екінші рет топ жарып отыр. Отандасымыз 2014 жылы Инчхондағы жарыста да жеңіс тұғырынан көрінген еді. Ол жолы да бүгін жеңген қытай спортшысынан айласын асырған болатын.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 6 алтын 8 күміс 28 қола медальмен жалпы есепте 11-орында келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар
30 тамыз, 09:58
Олимпиада-2020
Ержан Сәлімгереев финалға шықты! Ержан Сәлімгереев финалға шықты!