Қазақстандық каноэшілер Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады

Сурет: Olympic.kz. Сали Сабиров©

Қазақстандық Наталья Сергеева Токио Олимпиадасында байдаркамен есудің жекелей сынында ширек финалдан аса алмады, деп хабарлайды Vesti.kz

Ширек финалдық жүзуде жетінші келген (46.736) Наталья жарыс жолын аяқтады, бұл сында тек алғашқы екі орынды иеленген спортшылар келесі кезеңге өтеді. 4 тамызда Сергеева 400 метр қашықтықтағы жарысқа қатысады.

Соған қоса, жұптық сында Сергей мен Тимофей Емельяновтар да 1000 метр қашықтықта жартылай финалға шыға алмады. Олар 3:55.157 уақытымен төртінші болды, ал келесі кезеңге бұл жарысты алғашқы үш орынды иеленгендер ғана өтеді. Енді Емельяновтар жұбату В финалында өнер көрсетеді, алайда, жүлде иелену мүмкіндігінен айырылған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар