Қазақстандық каноэші Олимпиада финалына бір қадам жетпей қалды

Сурет: olympic.kz

Токио Олимпиадасында каноэдегі ескекті слалом бойынша ерлер арасында жартылай финал аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық Александр Куликов жартылай финалда 12-ші болды (110,23 секунд) және финалға шыққан он спортшы қатарына кіре алмады. 

Осылайша, қазақстандық спортшы Олимпиададағы жарысын аяқтады.

Әйелдер арасында Екатерина Смирнова іріктеу раундынан өте алмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар