Қазақстандық гимнасттың алтынға таласы мен екі боксшымыздың жекпе-жегіне тікелей трансляция

Сурет: olympic.kz

Бүгін, 1 тамыз Токио Олимпиадасында спорттық гимнастикадан өтетін турнирде қазақстандық Милад Карими бақ сынайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық Карими қатысатын финалдық турнир Қазақстан астанасының уақытымен 14:00-де басталады. Оның өнерін Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Сонымен қатар, сағат 13:55-те "Хабар" телеарнасында бокс турнирінің көрсетілімі басталады, Бүгін рингке екі боксшымыз шығады. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

Әбілхан Аманқұлдың 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша ширек финалдадағы бразилиялық Эберт Соузамен жекпе-жегі сағат 15:18-де басталады.

Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ауыр салмақта жартылай финалға шығу үшін ресейлік Иван Верясовпен жұдырықтасады. Басталуы 16:24.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар