Токиода академиялық есуден ерлер арасындағы жарыс аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
D финалында қазақстандық Владислав Яковлев 7:03.37 уақытымен бірінші келді. Ал финалдық протоколда ол 19-шы.
D финалында спортшылар 19-24-ші орындар үшін сынға түсті.
Еске салайық, бүгін, 30 шілде Олимпияда ойындарында қазақстандық атлетшілер өнер көрсетеді.