Қазақстандық дзюдошы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады

сурет: olympic

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Ерлан Серікжанов Токиодағы жазғы ойындарды жеңіспен бастады деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Отандасымыз алғашқы белдесуінде әзірбайжандық Орхан Сафаровтан басым түсті.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен бәсекенің негізгі уақытында жеңімпаз анықталмады. Нәтижесінде қосымша уақытта Серікжанов 1 ұпай еншілеп, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегерін үйіне қайтарды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар