Қазақстандық бірінші спортшы Токиода жарыс жолын бастады

Владислав Яковлев. Сурет: ҚР ХОК, Сали Сабиров/Владислав Семенов

Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойынында қазақстандық бірінші спортшы жарысын бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол академиялық есуден Владислав Яковлев болды. Қазақстандық спортшы үшінші келіп, іріктеудің бірінш айналымынан өтті. 7:10.08 нәтижесімен мәреге жеткен Яковлев ширек финалға өтіп отыр. 

Бірінші келген Сверре Нильсен (Дания), екінші Дженнаро Альберто ди Мауро (Италия) болды. Ескекшілер арасындағы жекелей сындағы финал 30 шілдеде өтеді.

Айта кетейік, 23 шілде Олимпиадада қазақстандық садақшылар жарысын бастайды. 

17:00-де Олимпиаданың ашылу салтанаты басталады. Жазғы ойындар 8 тамызға дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар