Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Олимпиаданың қола жүлдесіне таласуға мүмкіндік алды

Сурет: olympic.kz

Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарының қола жүлдесіне таласуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

65 келі салмақта өнер көрсететін балуанымыз Токиода ширек финалда әзербайжандық Гаджи Алиевтен жеңілген еді. Кейін Алиев Олимпиаданың финалына шықты. Осылайша Ниязбековке қолаға таласуға мүмкіндік болды. 

Енді қазақстандық балуан Олимпиаданың қола жүлдесін сенегалдық Адам Диаттамен сарапқа салады. 

Ал Алиев финалда жапониядық Такуто Отогуромен кездеседі.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар