Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Париж Олимпиадасында алғашқы жекпе-жегін өткізді.
75 келдегі 1/8 финалда әлем чемпионы деген атағы бар қазақстандық боксшы панамалық Атейне Байлонмен жұдырықтасты. Бірінші раундта Хальзова басым түсті - 3:2.
Екінші раундта панамалық боксшы 4:1 есебімен басымдық тантты. Жекпе-жек барысында төреші Байлоннан ескерту ретінде бір ұпай алып тастады. Дегенмен үшінші раундта да панамалық боксшы 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Енді Байлон 1/4 финалда Элизабета Войчик (Польша) - Айофе О'Руке (Ирландия) жекпе-жегінің жеңімпазымен айқасады.
Ал Қазақастан құрамасындағы бұрымды боксшылардан Олимпиадада өнер көрмсететін Назым Қызайбай мен Карина Ибрагимова қалды.