Қазақстанда Токиода алтын алған спортшының бәсекесін ешқандай канал көрсетпеді

©Reuters

Бүгін, 26 тамыз күні Қазақстан Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Алтын жүлдені 54 келіде парапауэрлифтингтен сынға түскен Давид Дегтярев алды. 

Бірақ қазақстандық жанкүйер бұл бәсекені тікелей эфирде көре алмады. Оның ішінде Паралимпиаданы тікелей эфирде көрсетеміз деп хабарлаған Qazsport арнасы да көрсетпеді. 

Орайы келгенде айта кетейік, бұған дейін қазақстандық телеарналар Олимпиада ойындары кезінде де қазақстандық спортшылардың жарысын толық көрсетпеген болатын.

Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын 7 спорт түрінен 25 спортшы қорғайды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар