Қазақстан қазіргі бессайыстан Париж Олимпиадасына екінші лицензия жеңіп алды

©Sortir à Paris

Ерлер арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша Георгий Борода-Дудочкин Париждегі Олимпиадаға жолдама алды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол жалпы есеп бойынша 1 411 ұпай жинап, оныншы болды. 

Азия ойындарында спорттың 8 түрі бойынша олимпиадалық лицензиялар ойнатылады. Қазіргі бессайыстан басқа, бокс, садақ ату, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис және жеңіл атлетика да бар. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Азия ойындарында күміс және қола медаль жеңіп алды. Сонымен бірге әйелдер арасындағы қазіргі бессайыс бойынша Елена Потапенко бесінші орын алды. Ол келесі жылы өтетін Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге жолдама жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар