Қазақстан бокс федерациясы Олимпиадада жүлде алған боксшыларға сыйақы берді

Сурет: olympic.kz. Сали Сабиров©

Қазақстанның бокс федерациясы Токиода өткен Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне арнайы сыйақысын табыстады, деп жазады Vesti.kz портады. 

Жапония жерінде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның боксшылары екі жүлде алды. Екеуі де қола. Оның біріншісін 52 келі салмақта сынға түскен Сәкен Бибосынов еншілесе, екінші қоланы аса ауыр салмақта өнер көрсететін капитанымыз Қамшыбек Қоңқабаев иеленді. 

Олимпиада ойындарындағы қола жүлделері үшін бұл боксшылар Қазақстан бокс федерациясы тарапынан 50 мың доллардан алды. Ал олардың бапкерлеріне 10 мың доллардан берілді. 

Еске салайық, Бибосынов пен Қоңқабаевтан бөлек Олимпиада ойындарында Серік Теміржанов (57 келі), Зәкір Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 кило), Бекзад Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Надежда Рябец (75 келі) қатысты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар