Азиада
31 тамыз 2021 15:00

"Қазақ парадзюдосының тарихын жаздық". Жандос Қиянов Токио ойындары жайлы

©сурет: Жандос Қияновтың жеке мұрағатынан

Токио төріндегі Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғаған дзюдошылар елге оралды. Байрақты бәсекеде сынға түскен татами шеберлерінің арасында Теміржан Дәулет, Әнуар Сариев және Зарина Байбатина күміс медаль иегері атанды. Осы орайда ұлттық құрама бас бапкері Жандос Қиянов ұшақтан түсе салысымен жапон еліндегі әсерімен Vesti.kz тілшісіне бөлісті.

"Осыған дейінгі сұхбаттарымда айтқанымдай, Токиоға барған әр спортшымыздан жүлде күттік. Соның дәлелі ретінде міне үш күміс медаль  алып отырмыз. Қазақ парадзюдосының жаңа тарихын жаздық. Алыстағы күншығыс елінде жүріп қазақ халқының қолдауын сезіндік. Бізге тілеулес болған барша жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Әрине, іште әттеген-ай деген сәттер болды. Себебі финалға шығып тұрып алтын алуымыз керек еді. Бұйырғаны күміс. Сонымен қатар, Жанбота Аманжолұлы да жүлдеге ілігеуі керек еді", - дейді бапкер.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын, күміс медаль бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport