Олимпиада
5 тамыз 15:11
 

"Қазақ мықты... ". Укрианалықтар фианлдағы өз боксшылары үшін алаңдауда

  Пікірлер

blog.share

"Қазақ мықты... ". Укрианалықтар фианлдағы өз боксшылары үшін алаңдауда ©Владислав Семенов

Бокстан 80 келідегі Олимпиада алтыны үшін 24 жастағы Нұрбек Оралбай мен 29 жастағы украиналық Александр Хижняк таласады. Бұл айқасты қазақстандық және украиналық жанкүйерлер белсенді талқылауда. 

blog.share

Бокстан 80 келідегі Олимпиада алтыны үшін 24 жастағы Нұрбек Оралбай мен 29 жастағы украиналық Александр Хижняк таласады. Бұл айқасты қазақстандық және украиналық жанкүйерлер белсенді талқылауда. 

Хижняк Токиода да финалға жетіп, алтынға бір қадам қалғанда бразилиялық Эберту де Консейсаодан нокаутпен жеңілген еді.

Ал былтыр Нұрбек пен Хижняк Венгриядағы Bocskai István Memorial турнирінде кездесіп, украиналық төрешілер шешімімен қазақстандықтан басым түскен болатын. 

Украиналықтардың көбі боксшыларының финалда жеңіске жететініне сенімді. Бұл айқас 8 тамыз түнгі 01:51-де болады. 

Алтын алу керек, бүгінгідей қазылық болмаса және сол жақ хукті өткізіп алмаса. 

Қазақпен жеңілірек болады деп ойлаймын (жартылай финалдағы кубалыққа қарағанда).

Қазақпен жақсы жекпе-жек болады. Екеуі де жақсы боксшы.

Хижнякта осы Олимпиадада жекпе-жектердің бәрі ауыр болды. Оған қоса қазақтар әуесқойда өте мықты. Өткен жолы да Сашаны алтынмен көреміз дегенде, күтпеген жағдай болды. Сондықтан спортшымызды қолдаймыз, бірақ жеңіс біздікі деп айтпаймыз, кейін ішіміз ашып, біздің жігітке тас атпас үшін. 

Дегенмен Нұрбек Оралбайдың қуатынан сескеніп отырған укрианлықтар да бар:

Қазақтар мен кубалықтар әуесқойда ең мықты. Өкінішке қарай олардағы сияқты бізде оншама Олимпиада чемпионы жоқ. 

Стилистика жағынан ыңғайсыз және өте күрделі қарсылас. Барды салу керек. Әуесқойда төрешілер аутфайтерлерді көбірек ұнатады, солай қалыптасып кетті.

Мына Оралбай оны жеңіп кетеді деп ойлаймын.

Мына қазақ қиынға соғады.

Қазақ мықты, финалда өте ауыр болады.

Қазақ жеңеді деп ойлаймын, бірақ қателессем қуанар едім!

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!