Қазақ боксшының Олимпиада алтыны үшін жекпе-жегі қанды айқасқа айналды

©Сали Сабиров

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасында алтын үшін шешуші айқасын өткізді. 

80 келідегі фианлдық жекпе-жекте Нұрбек украиналық Александр Хижнякпен жұдырықтасты. 

Бірінші раундта украиналық боксшы белсендірек болды 3:2. Екінші ранудта қазақстандық басымдық көрсетті - 3:2. 

Үшінші раундта Нұрбектің мұрнынан қан кетті. Соған қарамастан қазақ боксшы белсенділігін түсірмеді, бірақ соңғы раунд украиналықтың есебінде кетті - 5:0. Жекпе-жектің жалпы есебі Хижняктың пайдасына шешілді - 3:2 (30:27, 30:27, 28:29, 29:28, 28:29).

Осылайша, украианлық боксшы Олимпиада чемпионы атанды, ал Нұрбек күміс жүлдегер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар