Қазақ балуаны Олимпиаданың қола жүлдесі үшін белдеседі

Сурет: flowrestling.org©

Грек-рим стилінде күресетін қытайлық қазақ Уәлихан Сәйліке Токио Олимпиадасының қола жүлдесі үшін белдеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Уәлихан 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. 1/8 финалда ол германиялық Этьен Кинсингерді жыққан. Ширек финалда жапон балуаны Кеничиро Фумитаға есе жіберіп, жұбату белдесуіне шығуға мүмкіндік алды. Бұл кездесуде алжирлік Абелькарим Фергатты жеңді. Осылайша, қытайлық қандасымыз қола жүлде үшін украиналық Ленур Темировпен күреседі. Белдесу бүгін, 2 тамызда Қазақстан астанасының уақытымен 16:30-да өтеді. 

Еске салайық, бұл салмақта Қазақстан атынан Мейрамбек Айнағұлов өнер көрсеткен. Алайда ол бірінші белдесуінде-ақ қырғызстандық балуан Жоламан Шаршенбековтен жығылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар