Қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. Нұрислам Санаев Олимпиаданы жеңіспен бастады

Сурет спортшының әлеуметтік желісінен

Еркін стильде күресетін қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасын жеңістен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

57 келіге дейінгі 1/8 финалда Нұрислам Гвинея-Бисау балуаны Диамантино Юна Фафені 7:0 есебімен жеңді.

Ширек финалда қазақстандық спортшы жапониялық Юки Такахасимен белдеседі.

Айта кетейік, кеше қазақстандық грек-рим стиліндегі балуандардың бәрі жарыс жолын аяқтады. Үш спортшымыз да алғашқы белдесуінде жығылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар