Еркін стильде күресетін қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасын жеңістен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
57 келіге дейінгі 1/8 финалда Нұрислам Гвинея-Бисау балуаны Диамантино Юна Фафені 7:0 есебімен жеңді.
Ширек финалда қазақстандық спортшы жапониялық Юки Такахасимен белдеседі.
Айта кетейік, кеше қазақстандық грек-рим стиліндегі балуандардың бәрі жарыс жолын аяқтады. Үш спортшымыз да алғашқы белдесуінде жығылды.