Олимпиада
31 шілде 2021 16:26

"Қарсыласым өте мықты боксшы". Сәкен Бибосынов жеңісінен кейін пікір білдірді

сурет: Тұрар Қазанғапов

Ұлттық құрама мүшесі Сәкен Бибосынов Олимпиада ойындарындағы жарысын жалғастыруда. 52 келіде ширек финалға шыққан жерлесіміз жекпе-жек аяқталысымен пікірімен бөлісті деп хабарлайды, Vesti.kz тілшісі.

"Жекпе-жек оңай болған жоқ. Қарсыласым өте мықты боксшы. Бұған дейін екеуіміз екі мәрте рингте кездескенбіз. Есебіміз - 1:1. Кейінгі жарыста мен оған жол берген едім. Сондықтан осы жолы кеткен есемді қайтаруға шықтым. Жеке бапкерімнің жоспарын дұрыс орындап жеңіске жеттім. Елді ары қарай қуанту үшін бар күш-жігерімізді саламыз.

Жеке бапкеріммен қарсыласымды жіті зерттедік. Ол жалпы соққы көп жасайды, сондықтан қарымта соққылар жасау керек болды. Жақын қашықтықта тұрмау, жылдам жұдырықтасу деген жоспар қойылды. Соны орындап шықтым. 

Олимпиадада бәрі бар күш-жігерін салып жатыр. Сондықтан оңай болып жатқан жоқ. Соңғы раундта шаршадым, бірақ артымда 18 миллион қазақ халқы сенім артып отырғандықтан бар-күш жігерімді салдым.

Келесі қарсыласым Эскобардың жекпе-жектерін көріп жүрмін. Бірақ шаршы алаңда кездескен жоқпыз. Жеке бапкеріммен жоспар құрып, жеңіске жетіп, елімді қуантамыз, - деді боксшы.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport