auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Каратэші Нұрқанат Әжіқанов Олимпиада ойындарында қалай жүлдеге жеткенін айтып берді

Каратэші Нұрқанат Әжіқанов Олимпиада ойындарында қалай жүлдеге жеткенін айтып берді
©olympic.kz

Токио Олимпиадасына қатысқан ең жас қазақстандық спортшылардың бірі - каратэші Нұрқанат Әжіқанов төртжылдық додасындағы көрсеткішіне қатысты өз пікірін айтты. 

"Олимпиада аяқталды. Бұл менің өмірімдегі ең үлкен асулардың бірі десем, артық емес. Себебі, мен сырттан ғана бақылап, өнеріне тәнті болған әйгілі каратэшілермен кездесіп, оларды да жеңуге болатынын түсіндім. Мұндай мүмкіндік берілгені үшін қуаныштымын. Бірақ топтан шықпағаным үшін өкінгенім рас.  Іріктеуде германиялық спортшыны жеңгенімде, жарысты жалғастыруға, тіпті, жүлде алуға болатын еді. Өткен өтті.

Негізі, жасымның жетпеуіне байланысты каратэден жыл бойы өтетін рейтингілік жарыс – Премьер-лига турниріне қатыса алмадым. Менің салмағымда Ермек Айназаров ел намысын қорғап жүрді. Бірақ тізесінен жарақат алған соң, соңғы лицензиялық турнирде бапкерлер маған сенім артты. Парижге барарда қалайда жолдама алуды мақсат еттім. Өйткені, бұл Токио ойындарына апаратын ең соңғы билет еді.

Топтық жарыста алғашқы екі кездесуде жеңіске жетуді көздедім. Алғашында Австралия өкілі Цунзари Яхироны сенімді ұттым. Ал германиялық Ноа Битщке кездесудің аяқталуына 4 секунд қалғанда ұпай беріп қойдым. Бұл да тәжірибенің аздығынан, ірі жарыстардың дуына түспегенімнен шығар. Кейін италиялық спортшы, екі дүркін әлем чемпионы Луиджи Бусаны ұттым. Бұл кездесу маған сенімділік сыйлады. Өйткені, осы Олимпиадада Бусаны мен ғана жеңген екенмін. 

36 жастағы әзірбайжандық Рафаэль Агаевпен жолығып, 2:3 есебімен жол бердім. Агаев та, Буса да дәл осы салмақта талай жылдан бері салтанат құрып, әлемдік сынның медальдарын өзара бөлісіп жүрген кәнігі батырлар. Мен олардың каратэ әлеміндегі сапарын 2012 жылдан бері бақылап келем. Араға жылдар салып, екі алыппен Токиода жолым түйісті. Біреуін жеңдім, біреуінде есем кетті. Бірақ мұның бәрі мен үшін баға жетпес тәжірибе болғаны анық", - дейді Әжіқанов.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
30 тамыз 2021, 09:58
Олимпиада
©сурет: tengrinews.kz Ержан Сәлімгереев финалға шықты!

Жарнама

Жарнама