Каратэші Нұрқанат Әжіханов Олимпиада ойындарындағы екінші жекпе-жегінде ұтылды

Сурет: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК

Қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіханов Олимпиада ойындарында екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Екінші жекпе-жегінде отандасымыз германиялық Ноа Битчпен кездесті. Кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Айқастың аяқталуна бірнеше секунд қалғанда Нұрқанат 3:2 есебімен жеңіп тұрған. Бірақ қарсыластың бірінші соққысына байланысты жеңісті неміс спортшысы алып кетті. 

Енді Нұрқанат италиялық Луиджи Бусаға қарсы кездесу өткізеді. 

Айта кетейік, Олимпиада ойындарында әр топтан шыққан екі каратэші жүлдеге таласады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар