Қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіханов Олимпиада ойындарында екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Екінші жекпе-жегінде отандасымыз германиялық Ноа Битчпен кездесті. Кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Айқастың аяқталуна бірнеше секунд қалғанда Нұрқанат 3:2 есебімен жеңіп тұрған. Бірақ қарсыластың бірінші соққысына байланысты жеңісті неміс спортшысы алып кетті.
Енді Нұрқанат италиялық Луиджи Бусаға қарсы кездесу өткізеді.
Айта кетейік, Олимпиада ойындарында әр топтан шыққан екі каратэші жүлдеге таласады.