Каратэші Дархан Асаділов Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты

Сурет: ҰОК

Токио Олимпиадасында каратэшілер додасы жалғасып жатыр. Қазақстандық Дархан Асаділов 67 келіге дейінгі салмақта мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Қазақстандық спортшы өз тобындағы төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жетті. 

Ол алдымен түркиялық Салман Эраиді 6:2 есебімен, кейін әзербайжандық Фирдовси Фарзалиевті 6:2 есебімен ұтты.

Топтағы үшінші кездесуде Асаділов жапониялық Наото Сагоны 3:0 есебімен жеңді. Топтағы соңғы кездесуде Дархан мысырлық Әли Әл-Савимен кездеседі. 

Жартылай финалдық кездесулер бүгін кешкі уақытқа жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар